АҚШ Елшілігі делегациясының ҚАЕУ-ге сапары

2025 жылғы 19 қарашада АҚШ Елшілігінің делегациясы Қазақстан-Американдық еркін университетінде болды. Университет басшылығымен жұмыс кездесуі барысында білім беру жобаларын дамыту, білім беру саласындағы  келешегі бар бағыттар және ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

ҚАЕУ-ге АҚШ-тың Астанадағы Елшілігінің баспасөз атташесі Кристофер Соренсен, баспасөз және медиамен байланыс жөніндегі үйлестіруші Еркежан Амриева және контентті стратегиялық үйлестіру жөніндегі маман Карина Нигматуллина келді. Университет әкімшілігімен талқылаудан кейін Елшілік өкілдері Шығыс Қазақстан облысының журналистерімен кездесу өткізіп, медиасаланың заманауи сын-қатерлеріне, цифрлық қауіпсіздік мәселелеріне, медиа сауаттылықтың дамуына және журналистикадағы жаңа үрдістерге тоқталды.

Университет атынан кездесуге ҚАЕУ кәсіпкерлік және креативті даму жөніндегі директоры А.Г.Астафьева, ҚАЕУ бірінші вице-президенті, PhD докторы Ж.Е. Байкенов, ҚАЕУ тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Н.П. Уразова және ҚАЕУ халықаралық бөлімінің директоры С.М.Абилов, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі проректор Ю.А.Гаврилова қатысты.

ҚАЕУ MediaHub-ы журналистика мен медиа өндіріске қызығушылық танытатын студенттер үшін заманауи шығармашылық және білім беру алаңы рөлін жалғастыруда. Орталық жастарға SMM, медиа контент құру, әлеуметтік желілер мен бейне өндірісте  тәжірибелік дағдыларды алуға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 23 қаңтарында университетте АҚШ Елшісі Дэниел Розенблюмның қатысуымен ҚАЕУ MediaHub -нің салтанатты ашылуы өтті. Жоба АҚШ Елшілігінің шағын гранттар бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Бүгінгі таңда ҚАЕУ мен АҚШ Елшілігінің ынтымақтастығы студенттердің бастамаларын дамытуға және болашақ медиасала мамандарын даярлау сапасын арттыруға қосымша мүмкіндіктер туғыза отырып, нығаюды жалғастыруда.