Академиялық ақ ниеттілік: оқыту мен зерттеулердегі адалдық
2026 жылғы 5 қазанда 6В11101 «Туризм» және 6В02301 «Аударма ісі» білім беру бағдарламаларының Қазақстан-Американдық еркін университетінің білім алушылары үшін «Академиялық ақ ниеттілік: оқыту мен зерттеулердегі адалдық» тақырыбында кейстерді талдаумен дәріс өтті.
Дәрісті бизнес кафедрасының аға оқытушы-зерттеушісі Мүбараков Елдар Еркінұлы өткізді. Іс-шара барысында білім алушылар академиялық ақ ниеттіліктің негізгі қағидаттарын, авторлық құқықты сақтау, деректерді дұрыс пайдалану және плагиатқа жол бермеу мәселелерін қарастырды.
Академиялық ақ ниеттілік Лигасының қызметіне және оның білім беру ұйымдарында адалдық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды. Тәжірибелік кейстер мысалында білім алушылар академиялық ақ ниеттілікті бұзудың әртүрлерін талдап, олардың себептерін, салдарын және алдын алу жолдарын талқылады.
Іс-шара оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға, сондай-ақ білім беру ортасында этикалық нормаларды сақтаудың маңыздылығын түсінуге ықпал етті.


