Аллен Ленард ҚАЕУ-де мектеп оқушыларымен тәжірибесімен бөлісті

2026 жылғы 19 ақпанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде Кәсіпкерлік айы аясында мектеп оқушыларының АҚШ-тан келген кәсіпкер Аллен Ленардпен кездесуі өтті. Іс-шараға ҚАЕУ ректорының кеңесшісі Нестеренко Наталья Александровна, № 39 мектептің ҚАЕУ бейіндік сыныбы, Smart Start KAFU жобасының қатысушылары, ҚАЕУ Жоғары колледжінің студенттері, университеттің «Шет тілі» білім беру бағдарламасының екінші курс студенттері қатысты.

Іс-шара Enactus KAFU командасының тұсаукесерінен басталды. Жас кәсіпкерлер өздерінің стартап идеясын ұсынды және жобаның бизнес-моделін көрсетті. Сондай-ақ, студенттер Алматыда өткен Қысқы акселерациялық лагерьге қатысу тәжірибесімен бөлісіп, ҚАЕУ Кәсіпкерлік орталығымен ынтымақтастық туралы әңгімеледі. Қазіргі уақытта команда Аллен Ленардпен апта сайынғы кездесулер өткізіп, менторлық қолдау мен жобаны дамыту бойынша  тәжірибелік ұсыныстар алады. Қонақтар сұрақтарды белсенді түрде қойып, толық жауаптар алды.

Іс-шараның келесі бөлігі кәсіпкердің бизнес жүргізу негіздеріне және жобалық қызметтің маңыздылығына арналған дәрісі болды. Аллен компанияны құру тәжірибесімен бөлісті, кездескен жетістіктері мен қиындықтары туралы айтты және табысты кәсіпкерлікке жол көрсетті. Кездесуге қатысушылар жоғары қызығушылық танытып, диалогқа белсенді қатысты.

Іс-шара қорытындысы бойынша барлық қатысушылар алынған ақпараттың  тәжірибелік құндылығын атап өтті. Кездесу қатысушыларға кәсіпкерлік қызметтің ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді және оларды болашақта өздерінің бизнес-идеяларын жүзеге асыруға шабыттандырды.