«Алтай-Азия 2026» Халықаралық білім беру форумы

  2026 жылғы 24-25 қыркүйекте Алтай өлкесінің Белокуриха қаласында (Ресей Федерациясы) «Алтай — Азия 2026» VII Халықаралық білім беру форумы өтті. Биылғы жылы форум «Еуразиялық білім беру кеңістігі: жаңа сын-тегеуріндер мен үздік тәжірибелер» тақырыбында өтті.

Ауқымды іс-шараны Қазақстан – Американдық еркін университетінің халықаралық серіктесі-Алтай мемлекеттік университеті ұйымдастырды.

Форум Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай және басқа елдерден 500-ден астам қатысушыны біріктірді. Оның жұмысына жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлары, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, компания басшылары, сарапшылар, кәсіпкерлер және профессор-оқытушылар құрамының өкілдері қатысты.

Форум жұмысы үш тақырыптық бағыт бойынша ұйымдастырылды:

  • «Мүмкіндіктер архитектурасы: таңдаудан нәтижеге дейін»;
  • «Университет — кәсіпкерлік орта платформасы: интеграция, акселерация, даму»;
  • «Деректер университеттің цифрлық экожүйесінің негізгі элементі ретінде: қауіпсіздік, басқару, тиімділік».

Біздің университетті форумда ҚАЕУ заң клиникасының басшысы, құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Савелий Александрович  Мужчиль таныстырды.

Форумға қатысу еуразиялық білім беру кеңістігін дамытудың өзекті  үрдістерімен танысуға, тәжірибе алмасуға және жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың  келешек бағыттарын талқылауға мүмкіндік берді.

Алтай мемлекеттік университетіне форумды ұйымдастырудың жоғары деңгейі және жемісті халықаралық ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз!

                                         Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы