Американдық оқытушының «Action Research» тақырыбындағы семинары
«Шет тілі: екі шет тілі» 6В01703 ББ 2 және 3 курс студенттері шақырылған спикер Ребекка Бейтс, PhD, Миннесота мемлекеттік университеті (Манкато, Миннесота, АҚШ) өткізген «Action Research» тақырыбына арналған семинарға белсенді қатысты.
Семинар барысында қатысушылар action research әдісінің ғылыми анықтамасымен, оның білім беру тәжірибесіндегі маңыздылығымен және оқу үдерісінде қолдану мүмкіндіктерімен танысты. Спикер оқытушының жұмысында осы зерттеу әдісін қолданудың көрнекі мысалдарын ұсынды, сонымен қатар педагогтарға да, студенттерге де пайдалы болуы мүмкін рефлексиялық сұрақтардың мысалдарын ұсынды.
Семинар аудиторияның қызығушылығын тудырып, тәжірибе алмасу және болашақ педагогтардың кәсіби білімін кеңейту үшін пайдалы алаңға айналды.
Шет тілдері кафедрасы











