Анкарадағы орыс үйінің жетекшісі, Анкарадағы Ресей Елшілігінің Кеңесшісі А.А. Сотниченконың қонақ дәрісі.
2025 жылғы 16 сәуірде ҚАЕУ студенттері, сондай – ақ біздің университеттің –«Тұран-Астана» университеті мен Ташкент мемлекеттік заң университетінің серіктестері үшін онлайн-режимде Анкарадағы орыс үйінің басшысы, Анкарадағы Ресей Елшілігінің кеңесшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Сотниченко Александр Анатольевичтің қонақ дәрісі өткізілді.
Александр Анатольевич Түркия, ЭЫЕҚ-мен өзара іс-қимыл және өзінің кәсіби жолы туралы айтып берді.
Университеттердің студенттері мен әріптестері Қазақстан-Түрік қатынастарын дамыту келешегіне, Өзбекстан студенттерінің Түркияға академиялық ұтқырлығына және тағылымдамадан өту бағдарламаларына қатысты сұрақтар қойды.
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы







