Анкарадағы “Арғықазақ мифологиясы” еңбегінің тұсаукесері

Серікбол Қондыбай (1968 – 2004) – ғұмырының жартысын қазақтың тарихын, мәдениетін, салт-санасын жаңғыртуға арнап, сүбелі үлес қосқан және түбегейлі зерттеуде зор еңбек еткен қазақтың өлкетанушы, географ, публицист, этнограф-ғалымы.

14 қазан күні ТÜRKSOY Халықаралық түрік мәдениеті ұйымы Серікбол Қондыбай қаламынан туған түрік мифологиясы жайлы көрнекті туындылардың бірі “Арғықазақ мифологиясы” атты еңбегінің тұсаукесерін өткізді. Іс-шара Анкарада Түркия Республикасы Президентінің Ұлттық Кітапханасының ұйымдастыруымен өтті.

Кездесуге ТÜRKSOY бас хатшысы Сұлтан Раев, Қазақстан Республикасының Анкарадағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев, Өзбекстан Республикасының Анкарадағы Елшісі Ильхом Хайдаров, Маңғыстау Облысы Әкімінің Орынбасары Тілеген Әбішев, Ақтау Қаласының Әкімі Әбілқайыр Байпақов, Маңғыстау Облысының Мәдениет Басқармасының Басшысы Нұртас Сали және көптеген академиктер, жазушылар мен өнер сүйер қауым қатысты.Башкент университетінде ғылыми тағылымдама өтеп жүрген ҚАЕУ-дің аға оқытушы-зерттеушісі Тургумбаева Нұрсұлу Қайырдықызы да атаулы сәттің қонағы болды.

Бұл игі шара Серікбол Қондыбайдың түркі дүниесінің ортақ рухани мұрасын зерттеудегі өлшеусіз еңбегін дәріптеп қана қоймай, Қазақстан, Түркия мен Өзбекістан арасындағы мәдени және ғылыми ынтымақтастықтың, сондай-ақ туыстас елдердің достығы мен бауырластығының нығая түскенінің айқын көрінісі болды.