Ашық есік күні аясында криминология бойынша сабақ

Ашық есік күні аясында «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының (PhD) аға оқытушысы Р.А. Әділмұратова «Құқық және құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттерімен бірге «Криминология» пәнінен «Қылмыстылық» тақырыбында  тәжірибелік сабақ өткізді. Іс-шара университет студенттері мен болашақ талапкерлер ҚАЕУ колледжі оқушыларымен бірге өткізілді.

Университет студенттері күрделі де қызықты кейстік тапсырмалар мен тақырыптық кроссвордтарды шешуде өздерінің жоғары дайындық деңгейлерін көрсетті. Күннің кульминациясы «Қылмыстылық: отбасы және қоғам» тақырыбындағы пікірсайыс болды. Пікірталасқа екі команда қатысты: университет және колледж студенттері. Тәжірибе айырмашылығына қарамастан, қонақтар ерекше белсенділік танытып, өз ойларын еркін әрі жүйелі жеткізе білді.

 Қылмыстылық мәселелерін талқылау барлық қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Қатысушылар өз ұстанымдарын дәлелді түрде қорғап, қылмыстың алдын алудың тиімді шараларын ұсынды және қазіргі қоғам алдында тұрған өзекті мәселелерге талдау жасады.

 Кездесу соңында криминологиялық есептерді шешудегі белсенділігі мен шығармашылық көзқарасы үшін белсенді қатысқан қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды. Мұндай  өзарақатынас форматы талапкерлердің болашақ мамандығымен жақынырақ танысуына және университеттің ғылыми ахуалын  сезінуіне мүмкіндік береді.