Білім күні – 2026
2026 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан-Американдық еркін университеті бірінші курс студенттеріне есігін айқара ашты. Білім күні дәстүрлі түрде қазақстандық академиялық дәстүрлер мен шетелдік білім беру тәжірибесін біріктіре отырып, жаһандық ауқымда өтті.
Салтанатты жиынды университет құрылтайшыларының тілек сөздері ашты. Студенттерге арнап ҚАЕУ президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Әлхайырұлы Мәмбетқазиев құттықтау сөз сөйледі.
«ҚАЕУ – бұл жай ғана университет емес, ол танымал халықаралық бренд және қоғамды жақсы жаққа өзгертуге дайын көшбасшылар қауымдастығы», – деп атап өтті ҚАЕУ президенті.
Студенттердің жаңа буынына университеттің тең құрылтайшысы халықаралық байланыстар жөніндегі вице-президент Дэниел Бэлласт, американдық оқытушылар Рон мен Джанин Уайли, сондай-ақ «Бизнес, құқық және педагогика» факультетінің деканы Галина Анатольевна Мензюк жылы лебіздерін білдірді.
Бүгінгі таңда ҚАЕУ – бұл бүкіл әлем бойынша 18 мыңнан астам табысты түлектер, 13 елдің оқу орындарымен серіктестік және беделді халықаралық аккредиттеулер (ACBSP, ACQUIN, IQAA). Университет моделі классикалық стандарттарды бірегей Американдық бағдарламамен біріктіреді: бірінші курстардан бастап студенттер ағылшын тілінде пәндерді меңгереді, сабақтас мамандықтарды (minor) алады және АҚШ-та тағылымдамадан өтеді. Салтанатты жиында «Халықаралық көшбасшылық» бағдарламасы бойынша Америка Құрама Штаттарынан оралған жоғары курс студенттері оқуға жаңа қабылданғандармен өз тәжірибелерімен және болашақ жоспарларымен бөлісті.
Биыл университеттің студенттік қоғамдастығы мықты талапкерлермен толықты – бірінші курс студенттері арасында «Алтын белгі» белгісі, мемлекеттік гранттар, ШҚО әкімінің және «Қазақстан халқына» қоры гранттары бар.
1 қыркүйектен бастап жүздеген жастар үшін тілдерді білу, цифрлық инновациялар және білім берудің әлемдік стандарттары олардың болашақ мансабының негізі болатын мамандыққа жол басталды.
















