«Бір шаңырақ астында»: Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шара
Қазақстан халқы бірлігі мерекесі күні қарсаңында Қазақстан-Американдық еркін университетінің бірінші курс студенттері арасында 2025 жылғы 28 сәуірде «Бір шаңырақ астында» атты салтанатты іс-шара өткізілді. Студенттер Қазақстанда тұратын түрлі этностардың мәдениеті, салт-дәстүрлері туралы қызықты тұсаукесерлер дайындады. Әр түрлі тілдерде өлеңдер мен әндер шырқалды, ұлттық киімдер көрсетілді.
Қазақстандықтардың ұлтаралық келісімі – еліміздің тәуелсіздігі мен демократиясын нығайтудың кепілі.














