«Бостандық жолы: жасанды интеллект көзқарасы» көрмесі

2025 жылғы 05 желтоқсанда Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Журналистика» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламаларының студенттері педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Н.К.Тұрғымбаевамен бірге Шығыс Қазақстан өнер мұражайында ашылған «Бостандық жолы: жасанды интеллект көзқарасы» көрмесіне қатысты.

Көрме алдағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орайластырылған және екі негізгі бөлімді біріктіреді. Біріншісі – «Тарихи сананың ізі» – ел тарихының маңызды кезеңдерін бейнелейтін көркем шығармаларды ұсынады. Екіншісі – «Цифрлық болашақ» – тарихи деректер негізінде тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін қайта қарастыратын және болашаққа көзқарас ұсынатын жасанды интеллектті пайдалана отырып жасалған жұмыстарды қамтиды.

Іс-шараға қатысу студенттерге кәсіби және мәдени  ой-өрісін кеңейтуге, өнер мен цифрлық технологиялардың өзара әрекеттесуінің заманауи тәсілдерін көруге, сондай-ақ ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы ЖИ рөлін түсінуге мүмкіндік берді.

Педагогика және психология кафедрасы