«Цифрлық әлемдегі білім беруді ізгілендіру: халықаралық серіктестіктің кәсіби және этикалық бағдарлары» Халықаралық ғылыми конгресінің пленарлық сессиясы

2025 жылғы 07 қарашада Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Цифрлық әлемдегі білім беруді ізгілендіру: халықаралық серіктестіктің кәсіби және этикалық бағдарлары» халықаралық ғылыми Конгресінің пленарлық сессиясы өтті. Форум Қазақстан, Ресей, АҚШ, Түркия, Германия, Үндістан және Ауғанстаннан келген ғылыми және білім беру қоғамдастығының өкілдерін біріктірді.

Конгрессті ҚР ҰҒА академигі, ҚАЕУ президенті Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы ашып, өз сөзінде университеттердің гуманистік миссиясының маңыздылығын және цифрлық қайта құру дәуіріндегі тұлғаны қалыптастырудағы білім берудің рөлін атап өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» Жолдауы  мәнмәтінінде жастар саясаты жөніндегі проректор Наталья Павловна Уразова сөз сөйлеп, цифрлық трансформация жағдайындағы университет қауымдастығының стратегиялық міндеттерін атап өтті.

Пленарлық  сессия аясында педагогика мен гуманитарлық білімнің өзекті бағыттарын көрсететін ғылыми баяндамалар тыңдалды. Педагогика ғылымдарының докторы Ануфриева Дина Юрьевна (Сібір тұтыну кооперациясы университеті, Ресей) цифрландыру жағдайында психологиялық-педагогикалық білім беруді дамыту  келешегіне талдау жасап, жасанды интеллект пен электрондық ресурстардың педагогтардың жаңа құзыреттерін қалыптастырудағы рөлін атап өтті. Профессор Дуглас Хартман өзінің «Педагогтар генеративті ЖИ-ке бағыт береді: генеративті ЖИ  педагогтарды бағыттайды» атты өз сөзінде оқытудағы адам мен жасанды интеллекттің өзара әрекеттесуін өзара даму  үдерісі ретінде қарастырды

ҚАЕУ шет тілдері кафедрасының меңгерушісі Юлия Васильевна Новицкая өз баяндамасын ХХІ ғасыр педагогының цифрлық сауаттылығы мен кәсіби бірегейлігі тақырыбына арнап, технологиялық құзыреттілік пен гуманистік құндылықтарды біріктіру қажеттігін атап өтті. Пленарлық талқылауды Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің доценті Тёров Андрей Александрович онлайн форматта «Даралау цифрлық әлемде білім беруді ізгілендірудің негізгі тәсілдерінің бірі ретінде» тақырыбымен жалғастырды. Ол цифрлық технологиялар дұрыс пайдаланылған кезде оқытуда тұлғаға бағытталған және гуманистік көзқарастың құралы бола алатындығын негіздеді.

Тұрғымбаева Нұрсұлу Қайырдынқызы баяндамалар сессиясын «Қазақ тілінің эмоционалдық синтаксисі: ұлттық дүниетаным мен тілдік тұлғаны қалыптастырудағы рөлі» баяндамасын ұсынып, эмоционалды боялған синтаксистік конструкциялар қазақ халқының ұлттық ойлау және рухани құндылықтарының ерекшеліктерін қалай бейнелейтінін зерттеуге арналды. Баяндамада тіл тек ақпаратты ғана емес, сонымен бірге жаһандану жағдайында оның  сәйкестігін сақтай отырып, ұлттың эмоционалды-мәдени кодын да жеткізетіндігі баса айтылды.

Халықаралық ғылыми Конгресстің пленарлық сессиясы цифрлық дәуірдегі ізгілендірудің рөлін түсінудің зияткерлік алаңына айналды. Қатысушылар технологиялардың, этика мен гуманистік қағидаттардың үйлесуі білім берудің тұрақты дамуының және жаңа ұрпақтың — ойшыл, ашық және әлеуметтік жауапты тұлғаның қалыптасуының негізі болып табылатынын атап өтті.

ҚАЕУ-дегі Халықаралық ғылыми конгресстің жұмысы бағдарламаға сәйкес бірқатар қонақ дәрістер мен тәжірибелік іс-шаралармен жалғасады.

Ғылыми-зерттеу бөлімі