Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттеріне арналған қонақ дәрісі

2026 жылдың 21 қаңтарында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде ҚАЕУ заң клиникасының басшысы, ШҚО бойынша заң консультанттары Палатасының заң консультанты  Мужчиль Савелий Александровичтің «Азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

Дәріс барысында студенттерге құқықтық мәдениет ұғымы, құқықтық сауаттылықты арттырудың негізгі тәсілдері түсіндірілді, сондай-ақ адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелері баяндалды.

Іс-шара соңында қатысушыларға алған білімдерін тексеруге және бекітуге мүмкіндік беретін құқықтың түрлі салаларындағы сұрақтарды қамтитын викторина өткізілді.

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіне жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреміз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы