«Дроп -сервистер және қаржылық алаяқтық: жауапкершілік және алдын алу» қонақ дәрісі

2025 жылғы 10 қарашада «Цифрлық әлемдегі білім беруді ізгілендіру: халықаралық серіктестіктің кәсіби және этикалық бағдарлары» Халықаралық ғылыми Конгресінің іс-шаралары аясында Өскемен қаласы полиция басқармасының тергеу бөлімінің киберқылмысты тергеу бөлімінің бастығы, полиция капитаны А.Б.Социаловтың «Дроп -сервистер және қаржылық алаяқтық: жауапкершілік және алдын алу» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

Дәріс барысында спикерлер киберқылмыспен және қаржылық алаяқтық схемалардың дамуымен, атап айтқанда, «дроптар» деп аталатын — ақша қаражатын заңсыз аударуға қатысатын делдалдардың қызметімен байланысты өзекті қатерлерге егжей-тегжейлі тоқталды. Полиция қызметкерлері тергеу тәжірибесінен мысалдар келтіріп, алдаудың типтік схемалары мен азаматтарды құқыққа қарсы іс-әрекетке тарту тетіктерін талдап, осындай құқық бұзушылықтардың алдын алуда цифрлық сауаттылық пен құқықтық хабардарлықтың маңыздылығын атап өтті.

Қаржылық алаяқтыққа қатысқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік мәселелеріне, сондай-ақ жастар арасында киберқылмыстың алдын алу шараларына ерекше назар аударылды. Дәріс киберқылмыспен күресудің  тәжірибелік аспектілері, құқық қорғау органдарының IT мамандарымен өзара әрекеттесуі және цифрлық қауіпсіздік саласындағы жаңа  үрдістер туралы көптеген сұрақтар қойған студенттердің қызығушылығын тудырды.

Іс-шара студенттердің жеке ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне саналы көзқарасын қалыптастыруға және азаматтарды заманауи цифрлық қатерлерден қорғаудағы құқықтың рөлін түсінуге ықпал етті.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы