Джиенбаев Темирланды теннистен өткен Түркі Универсиадасындағы жеңісімен құттықтаймыз!
«Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Джиенбаев Темирлан Нурланович Түркі Универсиадасында өткен теннис жарысында 1-орын иеленді. Бұл беделді халықаралық спорттық форум түркі тілдес елдердің студенттерін біріктірді.
КАЕУ өз студентіне осы жетістігімен тоқтап қалмай, алдағы уақытта да жаңа белестер мен спорттық рекордтарға қол жеткізуді тілейді.
Педагогика және психология кафедрасы




