«EQ-көшбасшылық: ұйымның эмоционалды капиталын басқару» семинары
2026 жылғы 10 сәуірде Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Заманауи ғылыми бағыттар: қолданбалы зерттеулерден инновацияларға дейін» атты XVI Халықаралық жас ғалымдар форумын өткізу аясында «EQ-көшбасшылық: ұйымның эмоционалдық капиталын басқару» тақырыбында халықаралық семинар өтті.
Іс-шараның спикері – Resource Exchange International ұйымының (Колорадо-Спрингс, АҚШ) тренингтер және кәсіби даму бағдарламаларының директоры Шон Маккелвей болды.
Семинар барысында тиімді көшбасшылықтың негізгі ресурсы ретінде ұйымның эмоционалды капиталын басқарудың заманауи тәсілдері қарастырылды. Басқарушылық тәжірибеде эмоционалды интеллекттің рөліне, тұрақты командаларды қалыптастыруға және корпоративтік мәдениетті дамытуға ерекше назар аударылды.
Семинарға қатысушылар эмоционалды интеллектті дамытудың өзекті құралдарымен танысуға, спикерге сұрақтар қоюға және ұсынылған тәсілдерді кәсіби тәжірибеде қолдануды талқылауға мүмкіндік алды.















