Гендерлік теңдік жағдайындағы көшбасшылық

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Абай облысы бойынша филиалында 2025 жылдың 26–28 тамыз аралығында филиал жетекшісі А.А. Мұхамадиева ұйымдастырған мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бағдарламасы аясында «Гендерлік теңдік жағдайындағы көшбасшылық» тақырыбында оқу курсы өткізілді.
Сабақтардың материалдары ретінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыруы аясында іске асырылып жатқан «Қазақстанның экономикалық-демографиялық дамуы: гендерлік аспект» атты ғылыми жобаның (ИРН АР19680677) нәтижелері пайдаланылды.