ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨШБАСШЫЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
Co-Serve International ұйымымен бірлесіп
Қатысуға асық!
Бағдарламаның бірінші кезеңі — Көшбасшылық қағидаттары бойынша авторлық курс (тегін!) 8 қыркүйектен басталады. Интенсивті курс 4 апта бойы, жалпы 30 сағат көлемінде өтеді.
Курс оқытушылары — ҚАЕУ вице-президенті Дэниел Бэлласт және басқа да оқытушылар.
7 қыркүйекке дейін өтінім беріп, сұхбаттан өтіп үлгер!
Кімдер, қашан және қалай қатыса алады?
- ҚАЕУ студенттері мен магистранттары үшін (негізінен 2–4 курс студенттері мен магистранттар, ағылшын тілін жақсы меңгерген қатысушыларға басымдық беріледі);
- сауалнаманы толтырыңыз (электронды түрде немесе 306-офисте қағаз нұсқасында) және сұхбатқа жазылыңыз.
Көшбасшылық қағидаттары бойынша курсты аяқтағаннан кейін қатысушылар бағдарламаның тәлімгерлік кезеңіне қатысуын жалғастыра алады, сондай-ақ 2027 жылдың жазында Қазақстанда немесе АҚШ-та өтетін Көшбасшылық жазғы академиясына қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық бөлімге (306-офис) немесе WhatsApp арқылы +7 777 980 18 65 нөміріне, Кабардина Анна Владимировнаға хабарласуға болады.



