«Халықаралық қатынастар, тарих және құқықтану мәселелері» секциясының нәтижелері

2026 жылғы 10 сәуірде Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Заманауи ғылыми бағыттар: қолданбалы зерттеулерден инновацияларға дейін» XVI Халықаралық жас ғалымдардың форумы аясында «Халықаралық қатынастар, тарих және құқықтану мәселелері» секциясының жұмысы өтті.

Секция модераторы болып Мужчиль С.А: сөз сөйледі. Отырс барысында қатысушылар цифрлық ортадағы балалардың құқықтарын қорғаудан бастап, тарихи  үдерістерді талдауға және цифрлық трансформация жағдайында бизнесті құқықтық сүйемелдеуге дейінгі өзекті ғылыми және  тәжірибелік – бағдарланған тақырыптардың кең ауқымын қамтитын баяндамалар ұсынды.

Секция жұмысының қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

  • 1 орын:
  • Қажымұқан Азат («Құқықтану» ББ) «Әлеуметтік желілерде және интернет-кеңістікте балалардың құқықтарын қорғау» зерттеу тақырыбымен.
  • 2 орын:
  • Абдрасулина Камила («Құқықтану» ББ) – «Азаматтық процестегі татуластыру рәсімдері мен медиация: тиімділік пен  мәселелер»;

Құрманаева София (ҚАЕУ Жоғары колледжі) – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру кәмелетке толмағандарды құқықтық тәрбиелеу элементі ретінде».

  • 3 орын:
  • Арашина Алина (ҚАЕУ Жоғары колледжі)- «ЖИ көмегімен Ежелгі Египет мәдениетінің тарихи түрін талдау»;
  • Можанов Абдуллаали («Халықаралық қатынастар» ББ) – «Ресурстардың тапшылығы мобильді экспансия факторы ретінде: викингтерден Ұлы дала көшпенділеріне дейін»;
  • Гитерман Аделина («Құқықтану» ББ) – «Цифрлық трансформация дәуіріндегі бизнесті құқықтық сүйемелдеу».

Секция жұмысы қатысушыларды даярлаудың жоғары деңгейін, мәлімделген зерттеулердің өзектілігін және олардың  тәжірибелік маңыздылығын көрсетті. Ұсынылған баяндамалар құқық, халықаралық қатынастар және тарих ғылымы саласындағы заманауи сын-қатерлерді, сондай-ақ жас ғалымдардың пәнаралық көзқарасқа және ғылыми зерттеулерде жаңа технологияларды қолдануға ұмтылысын көрсетеді.

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы