Халықаралық форум шеңберінде Divergents Leadership School спикерлері КАСУ студенттерімен кездесу өткізді
«Қазақстан-Американдық еркін университетінде өтіп жатқан «Қазіргі ғылыми бағыттар: қолданбалы зерттеулерден инновацияларға дейін» атты жас ғалымдардың XVI халықаралық форумы аясында» DLS спикерлері университет студенттерімен кездесті
Бүгін Қазақстан-Американдық еркін университеті студенттері үшін ерекше әрі мазмұнды кездесу өтті. Divergents Leadership School мектебінің спикерлері – Серікбаев Ерден Сарсубайұлы мен Идаятұлы Кашап арнайы келіп, дәріс оқыды.
Кездесу тақырыбы: «Жасанды интеллект көмегімен тұлғалық әлеуетті ашу және кәсіби өзін-өзі дамыту».
Лекция барысында спикерлер:
– Жасанды интеллекттің білім беру мен мансаптағы рөлі;
– Әр адамның жеке потенциалын анықтау және дамыту жолдары;
– Заманауи дағдыларды қалыптастыру стратегиялары;
– Болашақ мамандықтарға дайындық және өзін-өзі дамыту құралдары туралы нақты мысалдармен бөлісті.
Студенттер тек тыңдап қана қоймай, практикалық тапсырмалар арқылы өздерінің күшті жақтарын анықтап, ЖИ құралдарын тиімді қолдану арқылы жеке және кәсіби өсуді жеделдетудің нақты тәсілдерін меңгерді.
Бұл кездесу қатысушылар үшін жаңа серпін, тың идеялар мен мотивация сыйлаған маңызды алаңға айналды.
Divergents Leadership School командасы алдағы уақытта да жастардың дамуына бағытталған осындай кездесулерді жалғастыруды жоспарлап отыр.
Педагогика және психология кафедрасы








