«Идеология көрінбейтін оптика ретінде: теориядан күнделікті өмірді талдауға» қонақ дәрісі

2026 жылғы 17 қарашада ҚАЕУ құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының студенттеріне арналған «Адал азамат» тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында «Идеология көрінбейтін оптика ретінде: теориядан күнделікті өмірді талдауға» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

Спикер ретінде Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы, саясаттану ғылымдарының кандидаты Светлана Альбертовна Линок сөз сөйледі.

Дәріс барысында идеологияның түсінігі мен негізгі белгілері, оның қалыптасуы мен тарихи даму ерекшеліктері, сондай-ақ идеологиялық көзқарастардың саясатқа, мәдениетке, қоғамдық санаға және адамдардың күнделікті өміріне әсері қарастырылды. Нақты мысалдар арқылы оқытушы идеологияның қоғамдық қатынастарда, ақпараттық кеңістікте, мінез-құлық үлгілерінде және қоршаған шындықты қабылдауда қалай көрінетінін көрсетті.

Студенттердің сыни ойлауы мен қоғамдық-саяси  үдерістерді саналы талдау дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылды. Бұл ақпаратты дербес бағалауға және негізделген шешімдер қабылдауға қабілетті жауапты, білімді және әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған «Адал азамат» бағдарламасының міндеттеріне сәйкес келеді.

Дәріс студенттердің саясаттану, әлеуметтану саласындағы білімдерін кеңейтуге, сондай-ақ әртүрлі идеялар мен құндылықтардың қоғамға және адамның күнделікті өміріне әсерін анықтау қабілетін дамытуға ықпал етті.

Светлана Альбертовнаға және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіне мазмұнды дәрісі мен жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс айтамыз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы