«IQulture Trivia» байқау-викторинасы

2026 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан-Американдық еркін университетінде жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында «IQulture Trivia»  байқау-викторинасы өтті.

Іс-шара білім алушылардың жалпы эрудициясын дамытуға, олардың мәдени көзқарасын кеңейтуге, ағылшын тілді елдердің мәдениетіне қызығушылықты арттыруға, сондай-ақ командалық өзара іс-қимыл және бәсекеге қабілетті зияткерлік форматтар арқылы ағылшын тілін үйренуге тұрақты  уәждемені қалыптастыруға бағытталған.

Викторинаның тақырыптамасы американдық мәдениетке арналды. Байқау бағдарламасы 6 негізгі раунд пен 1 суперфиналды қамтыды. Викторина барысында қатысушылар АҚШ тарихы, географиясы, киносы, музыкасы, сондай-ақ американдық поп-мәдениет бойынша сұрақтарға жауап берді. Барлық раундтардың қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған үш команда суперфиналға шықты.

Іс-шараға өңірдің 27 білім беру ұйымдарынан 9-11 сыныптардың 129 оқушысы қатысты, оның ішінде: 16 жалпы білім беретін мектеп, 9 лицей және гимназия, 2 аудандық жалпы білім беретін мектеп.

Байқау жеңімпаздары:

1 орын — «№ 10 мектеп-гимназия»  КММ;

2 орын — «№ 24 орта мектеп» КММ;

3 орын — «№30 жалпы білім беретін мектеп»  КММ.

«IQulture Trivia» байқау-викторинасы қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін, олардың командалық өзара іс-қимылын және кең ой-өрісін көрсетті, сондай-ақ оқушылардың зияткерлік және мәдени дамуы үшін тиімді алаңға айналды.

Шет тілдері кафедрасы