IT саласындағы менеджерлерді даярлау бағдарламасы: ҚАЕУ мен Батыс Саксон қолданбалы ғылымдар университетінің сұранысқа ие білім беру бағдарламасы

Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар саласы бизнестің барлық салаларына еніп жатыр, ал басқару және IT құзыреттеріне ие мамандар еңбек нарығында ерекше сұранысқа ие болып отыр. Сондықтан Қазақстан-Американдық еркін университетінде (ҚАЕУ) Батыс Саксон қолданбалы ғылымдар университетімен (Германия) бірлесіп іске асырылатын «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» білім беру бағдарламасы цифрлық экономикада табысты мансапқа ұмтылатын талапкерлер үшін бірегей ұсыныс болып табылады.

Бағдарлама өзіне үздік еуропалық және қазақстандық білім беру тәжірибелерін біріктіреді. Оқыту барысында магистранттар цифрлық менеджментке, IT-саладағы жобалық басқаруға, бизнес-процестерді талдауға, big data-мен жұмыс істеуге және компанияларды цифрлық трансформациялауға заманауи тәсілдерді меңгереді. Курстарды отандық оқытушылар да, неміс профессорлары да оқиды, ал екі университеттің дипломдары түлектерге халықаралық еңбек нарығына есік ашады.

2023 жылы бағдарлама ашылған сәттен бастап «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» талапкерлер мен жұмыс берушілер тарапынан жоғары сұранысты көрсетіп келеді. Магистранттардың алғашқы  шығарылымы диссертацияларын 2025 жылдың маусым айында сәтті қорғады. Түлектер нақты кейстермен және жобалармен, оның ішінде Қазақстан мен Германиядан серіктес компаниялардың қатысуымен жұмыс істеуде құнды тәжірибе алды.

Бұл бағдарламаны неге таңдайды:

1. Қос диплом: түлектер ҚАЕУ және Батыс Саксон қолданбалы ғылымдар университетінің дипломдарын алады;

2. Өзекті дағдылар: басқарушылық және цифрлық құзыреттердің үйлесімі цифрлық трансформация дәуіріндегі жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келеді;

3. Шетелдік оқытушылар мен тағылымдамалар: неміс профессорларының белсенді қатысуы және академиялық ұтқырлық мүмкіндігі;

4. Жұмыспен қамтуды қолдау: түлектер банктерде, IT-компанияларда, телекоммуникация секторында, электрондық коммерция және цифрлық маркетинг саласында сұранысқа ие.

Кім  түсе алады?

Бағдарлама аударма ісі, халықаралық қатынастар, әлеуметтік ғылымдар және басқа да байланысты мамандықтарды қоса алғанда, экономикалық, техникалық, IT -, басқару және гуманитарлық бағыттар бойынша бакалавриат түлектеріне арналған. Құжаттарды қазақстандық және шетелдік азаматтар тапсыра алады. Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі, бұл студенттердің халықаралық перспективаларын кеңейтеді.

2025 жылғы қабылдау науқаны басталды!

Егер сендер IT-құзыреті бар жаңа буын менеджері болуға ұмтылсаңдар, сендерді ҚАЕУ-дегі «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» бағдарламасына шақырамыз. Бұл сендердің қарқынды дамып келе жатқан цифрлық әлемде мансап құруға, халықаралық тәжірибе мен еуропалық деңгейдегі білім алуға мүмкіндіктерің.