IV  Өңірлік постерлер байқауы

2025 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде үш тақырыптық бағыт шеңберінде өңірдің білім беру ұйымдарының оқушыларын біріктірген IV Өңірлік  постерлер байқауы өтті:

– «Қазақстан жастардың көзімен»;

– «Менің қалам-болашақтың қаласы»;

– «ҚАЕУ -менің университетім».

Байқау барысында қатысушылар елдің дамуына, болашақтың қалалық ортасына және университеттің жеке және кәсіби өсу кеңістігі ретіндегі рөліне деген көзқарастарын көрсететін жұмыстарды ұсынды. Постерлер мазмұндылығымен, композициялық өңдеуімен және өзіндік көркемдік шешімдерімен ерекшеленді.

IV байқаудың қазылар алқасының құрамы:

– Нестеренко Наталья Александровна – ҚАЕУ ректорының кеңесшісі, қазылар алқасының төрайымы;

– Жданова Ирина Сергеевна – №2 мектептің қоғамдық пәндер мұғалімі-зерттеушісі;

– Новицкая Юлия Васильевна – ҚАЕУ шет тілдері кафедрасының меңгерушісі;

– Тоқтажанова Айгүл Құмарбекқызы – «Опытнопольский орта мектебінің» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

– Трофимова Юлия Владимировна – ҚАЕУ бизнес кафедрасының аға оқытушысы;

– Муталяпова Айман Шерехановна – з.ғ.к., ҚАЕУ құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры;

– Мошенская Наталья Алексеевна – ҚАЕУ педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы.

Қазылар алқасы жұмыстың жоғары деңгейін және шығармашылық тұжырымдамалардың алуан түрлілігін атап өтті. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталды, ал олардың тәлімгерлері оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар алды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен байқау 2025-2026 оқу жылының маңызды іс-шараларының бірі болып, ҚАЕУ-нің өңірдің мәдени және білім беруді дамытудың белсенді орталығы ретіндегі рөлін растады.

Байқау нәтижелерімен сілтеме бойынша танысуға болады.