«Jas Power Talk» кездесуі: цифрлық әлемдегі сәттіліктің негізгі  құраушылары

2025 жылғы 6 қарашада Community Center базасында Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттерін жинаған «Jas Power Talks»  уәждемелік кездесуі өтті. Іс-шара жастардың инновациялық технологияларға деген қызығушылығын қалыптастыруға, өз ісін ашуға және көшбасшылық дағдыларын дамытуға арналды.

Кездесу барысында  дәріскер кәсіпкерліктің жеке тәжірибесі туралы айтып, цифрлық экономика жағдайында бизнесті табысты жүргізу үшін қажетті негізгі құзыреттерді атап өтті. Сонымен қатар, ол қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби және жеке дағдыларды дамыту бойынша  тәжірибелік кеңестермен бөлісті.

Іс-шараның ерекшелігі студенттердің талқылау  үдерісіне белсенді қатысуы болды. Олар спикерді мұқият тыңдап қана қоймай, өз тәжірибелерімен бөлісіп, сұрақтар қойып, жас кәсіпкерлердің алдында тұрған өзекті мәселелерді қарастырды.

Ұйымдастырушылар бұл бастама қала жастарының шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға, сондай-ақ оны әлеуметтік және экономикалық міндеттерді шешуге белсенді қосуға бағытталғанын атап өтті.

Материалды Сереброва Дарья мен Колтыгина Софья дайындады