Кәсіпкермен диалог форматында кездесу

2026 жылғы 17 ақпанда Қазақстан – Американдық еркін университетінде Кәсіпкерлік айының бір іс-шарасы – «Build a Business Model in 50 Minutes» өтті. Интерактивті түрде студенттер шақырылған кәсіпкер Аллен Ленардқа көптеген сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.

Диалог қызу және ашық болды: студенттер өз саласының маманы болуға қызығушылық танытты, ал қонақ табысты кәсіпкер болу тәжірибесімен бөлісті. Сұрақтар жеке өсуге, топтық жұмысқа және бизнесте жол табуға байланысты ең өзекті және  зәру тақырыптарды қозғады. 

Мұндай кездесу кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға және студенттердің өз қабілеттеріне деген сенімін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар циклінің маңызды бөлігіне айналды.

Материалды Анастасия Семенова дайындады