Капитан Байтасов – Қазақстанның Халық Қаһарманы
2025 жылдың 23 қазанында Өскемен қаласындағы «Юбилейный» кинотеатрында «Капитан Байтасов» көркем фильмінің премьерасы өтті.
Фильмнің тұсаукесеріне ШҚО Полиция департаментінің шақыруымен ҚАЕУ студенттері мен оқытушылары қатысты.
Фильмде 2011 жылдың 12 қарашасында өз өмірін құрбан етіп, террорист-смертникті тоқтатып, Тараз қаласының бейбіт тұрғындарының өмірін сақтап қалған полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлік оқиғасы баяндалады.
Ғазиз Әбдібекұлы Байтасов 1971 жылдың 3 сәуірінде Қазақ КСР-інің Жамбыл облысы, Будённовка ауылында дүниеге келген. 2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласында ерлікпен қаза тапты. Ол Қазақстан Республикасы полициясының капитаны, Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің жол полициясы жеке батальонының 1-взвод командирі болған.
2011 жылдың 5 желтоқсанында Ғазиз Байтасовқа қайтыс болғаннан кейін «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Ол – бұл жоғары атақты иеленген тұңғыш полицей.
2011 жылдың 12 қарашасында Ғазиз Байтасов Тараз қаласында террорист Максат Кариевті ұстау операциясына қатысты. Кариев қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, автокөлікті айдап әкетіп, бірнеше күш құрылымдарының қызметкерлерін өлтірген болатын. Қуғын кезінде Байтасов Казыбек би көшесінде лаңкесті қуып жетіп, жерге құлатқан. Біраз уақыттан кейін Кариев өзін және Байтасовты гранатамен жарып жіберді.
Қазақстанның Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың есімі мен ерлігі мәңгі жадымызда!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы
