ҚАЕУ -де ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдерімен кездесу болып өтті

Қазақстан-Америкадық еркін университетінде студенттердің Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің өкілдерімен кездесуі өтті.

Іс-шара барысында департамент мамандары Шекара қызметі жұмысының ерекшелігі, оның негізгі міндеттері және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі туралы айтып берді. Студенттерге қызметке орналасу шарттары, үміткерлерге қойылатын талаптар және мансаптық мүмкіндіктер егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Кездесу ашық диалог форматында өтті, онда қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтар қоя алды  және ведомство қызметкерлерінен толық жауаптар алды. Мұндай іс-шаралар студенттерге Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметтің әртүрлі салаларымен және жұмысқа орналасу келешегімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.