ҚАЕУ мен ҚР Ұлттық ұланының 3477 Әскери бөлімі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум
Қазақстан-Американдық еркін университеті Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 3477 Әскери бөлімімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Қол қою рәсіміне екі тараптың өкілдері қатысты.
Іс шараға 3477 Әскери бөлімінен қатысқандар:
Шәкенов Аңсар Жиғанұлы, бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс мәселелері жөніндегі орынбасары (ТжӘПЖ), майор;
Мұхтарияев Дархан Санатұлы, ТжӘПЖ тобының бастығы, майор;
Руслан Төлегенұлы Ауизов, Шығыс ӨК кадрлар бөлімінің бастығы, майор;
Айтмұқашова Амина Бауыржанқызы, ТжӘПЖ тобының аға маманы (нұсқаушысы) психологы.
ҚАЕУ-ден қатысқандар:
Байкенов Жасұлан Ерболұлы, ҚАЕУ бірінші вице-президенті, PhD докторы;
Нұрланова Әсем Нұрланқызы, филология ғылымдарының кандидаты, педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі;
Алембаев Қайрат Оралханұлы, PhD докторы, профессор, құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі;
Катанова Елизавета Темірбекқызы, педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы.
Меморандум кадрлар даярлау саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты көздейді. Келісім шеңберінде «Психология» және «Құқықтану» білім беру бағдарламаларының білім алушылары үшін кәсіптік іс-тәжірибелер ұйымдастырылады және өткізіледі. Бұдан басқа, мекемелер арасындағы ғылыми және білім беру байланыстарын дамытуға және нығайтуға бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
Меморандумға қол қою – студенттерге жаңа мүмкіндіктер ашатын және олардың кәсіби қалыптасуына ықпал ететін ҚАЕУ мен 3477 Әскери бөлімі арасындағы табысты серіктестікті қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.












