ҚАЕУ студенті академиялық ұтқырлық бойынша «Тұран-Астана» Университетінде оқиды

Академиялық ұтқырлық аясында құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының 1 курс студенті Маргарита Шехинаева 2024-2025 оқу жылының көктемгі семестрінде «Тұран-Астана» университетінде «Заңтану» білім беру бағдарламасы бойынша білім алуда.

ҚАЕУ мен ТАУ арасындағы ынтымақтастық білім беру қызметтері саласындағы өзара ынтымақтастық туралы шарт жасалған 2022 жылдан бастап дамуда. Осы серіктестіктің арқасында бірқатар бірлескен іс-шаралар мен академиялық ұтқырлық бағдарламалары жүзеге асырылды.

Маргаритаға серіктес ЖОО-да табысты  оқу тілейміз және «Тұран-Астана» Университетіне жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс айтамыз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы