ҚАЕУ студенттері онлайн-буллингке қарсы күрес бағдарламасын әзірледі
Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттері Аян Хасенов, Данил Тюлькин және Данил Федотов күдікті және агрессивті мазмұнды анықтайтын және, нейрондық желілерді қолдана отырып, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде буллинг нысандарын танитын “Nortrom” бағдарламасын құрды.
«Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының студенттері өз жобасын ШҚО әкімі Ермек Көшербаевқа таныстырды, ол құрылған бағдарламаның маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.
