ҚАЕУ өкілдерінің West Saxon University of Applied Sciences Zwickau серіктес ЖОО-мен «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» магистратурасының  екі дипломдық бағдарламасын талқылау мақсатында кездесуі

2024 жылғы 25 қарашада Қазақстан-Америка еркін университетінің делегациясы – халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Серік Мерзоянұлы Әбілов, «Менеджмент» ББ 2 курс докторанты Елдар Еркінұлы Мүбараков, Германияның Цвиккау қаласындағы Батыс Саксон қолданбалы ғылымдар университетіне барды. Сапар аясында денсаулық сақтау және медицина ғылымдары факультетінің деканы Том Карл Шаалмен «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» магистратурасының екі дипломдық бағдарламасын ашу мақсатында нәтижелі кездесу өтті.

Тараптар бағдарламаның академиялық мазмұнын, ПОҚ мен білім алушылар арасында тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін, сондай-ақ екі университет арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды егжей-тегжейлі талқылады.

Бұл бастама қазіргі заманғы сын-қатерлерге жауап беретін және халықаралық білім беру  серіктестігін дамытуға ықпал ететін денсаулық сақтауды басқару саласында жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Жаңа бағдарлама ҚАЕУ-нің халықаралық қызметін кеңейтудегі маңызды қадам болады және білім алушыларға әлемдік стандарттар деңгейінде білім мен тәжірибе алу үшін бірегей мүмкіндіктер береді деп күтілуде.

ҚАЕУ Батыс Саксон қолданбалы ғылымдар университетіне жылы қабылдауы және ынтымақтастыққа дайындығы үшін алғысын білдіреді. Жақын арада тараптар бағдарламаның түпкілікті тұжырымдамасы бойынша жұмысты аяқтауды және оны аккредиттеу  үдерісін бастауды жоспарлап отыр.

Бизнес кафедрасы