ҚАЕУ басшылығының Теннессидегі Камберленд Университетіне, АҚШ, сапары
Қазақстан-Американдық еркін университетінің президенті, доктор Ережеп Мәмбетқазиев пен ҚАЕУ-нің халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Дэниел Бэлласт 2025 жылдың қаңтарында АҚШ-тың Теннесси қаласындағы Камберленд Университетіне екі күндік сапармен барды. Естеріңізге сала кетейік, екі жоғары оқу орнының өкілдері 2024 жылдың қыркүйегінде университеттің 30 жылдығына арналған іс-шаралар кезінде ҚАЕУ-мен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Камберленд Университеті АҚШ-тағы ҚАЕУ-нің маңызды жаңа серіктесі болды.
1842 жылы құрылған Камберленд Университеті Америка тарихында АҚШ-тың оңтүстігіндегі ең көне жеке меншік гуманитарлық университеттердің бірі ретінде ерекше орын алады.
Сапар барысында ҚАЕУ өкілдері университет басшылығымен, соның ішінде Камберленд Университетінің президенті, доктор Пол Стамбпен, сондай-ақ Ливан қаласының (Теннесси Штаты) мэрі Рик Беллмен кездесті. ҚАЕУ студенттеріне Камберленд Университетінде оқуға және бірден екі университеттің қос дипломын алуға мүмкіндік беретін жаңа бағдарламаларды іске қосу келешегі талқыланды. Сондай-ақ, Қазақстанда Камберленд Университетінің студенттері үшін тағылымдамаларды ұйымдастыру жоспарлары қарастырылуда. Жақын арада ҚАЕУ студенттердің осы бағдарламаларға қалай қатысуға және АҚШ-та оқуды бастауға болатындығы туралы мәліметтерді жариялайды.Доктор Мәмбетқазиев пен вице-президент Бэлласт Камберленд Университетінің сабақтарына қатысып, студенттерге ҚАЕУ-дегі білім беру мүмкіндіктері туралы айтып берді.







