ҚАЕУ –де Джеймс Эвенсонның «Мен кәсіпкермін» тақырыбында қонақ дәрістері өтті

2024 жылғы 25-27 қараша аралығында Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Am I an Entrepreneur» тақырыбында қонақ дәрістері өтті. Спикер  ҚАЕУ вице-президенті және Кәсіпкерлік орталығының басшысы Джеймс Эвенсон болды.

Дәрістердің негізгі мақсаты тыңдаушыларды кәсіпкерлік әлеміне шабыттандыру және тарту, сондай-ақ бизнесті құру мен дамытудың негізгі қағидаттарын оқыту болды. Семинарлар барысында Джеймс Эвенсон кәсіпкер – ол, инновациялар мен нарық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, тәуекелдерді өз мойнына алатын адам екенін түсіндірді.

Дәрістер кәсіпкердің негізгі қасиеттері – шығармашылық, тұрақтылық, бейімделу және тәуекелге дайын болу сияқты тақырыптарды қамтыды. Эвенсон, мамандығына қарамастан кез келген адам кәсіпкер бола алатынын атап өтті және қатысушыларды өмірде не жасағанын немесе не жасай алатынын ойлауға шақырды.

ҚАЕУ Кәсіпкерлік орталығы студенттерге стартаптарды іске қосуда қолдау, менторлық, ресурстарға қол жеткізу және кәсіпкерлік ойлауды дамыту мүмкіндіктерін ұсынады. Спикердің  қорытынды сөздері аудиторияға бизнес құру  үдерісінде өздерінің армандары мен құмарлықтарын ұстанудың маңыздылығын еске салды.