ҚАЕУ -де  инклюзивті білім берудің заманауи тәсілдері туралы семинар өтті

2024 жылғы 27 қарашада Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Жалпы білім беретін мектепте инклюзивті білім беруді іске асырудың заманауи тәсілдері» тақырыбында семинар өтті. Семинар  спикері ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№14 негізгі орта мектебі» КММ мұғалімі Дарья Васильевна Дедова болды.

 Семинар  «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенттері үшін ұйымдастырылды. Дарья Васильевна  инклюзивті оқыту жағдайында жұмыс істеудің практикалық тәжірибесі мен әдістемелерімен бөлісті, әр оқушыға жеке көзқарасқа және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қолайлы білім беру ортасын құрудың маңыздылығына назар аударды.              

Семинарға қатысушылар талқылауға белсенді қатысып, болашақ педагогикалық  тәжірибесінде инклюзивті технологияларды қолдану бойынша құнды ұсыныстар алды. 

Педагогика және психология кафедрасы