ҚАЕУ-де шетелдік студенттердің   болуы мәселелері бойынша Дөңгелек үстел өтті

2025 жылғы 5 ақпанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде шетелдік студенттердің білім беру мекемелерінде болуын ұйымдастырудың өзекті мәселелеріне арналған Дөңгелек үстел өтті. 

Талқылауға өңірдің жоғары оқу орындары мен колледждерінің өкілдері, проректорлар, декандар, бөлім бастықтары, сондай-ақ ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының басшылығы мен мамандары қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан Республикасында оқитын шетелдік азаматтарды бейімдеу және интеграциялау мәселелерін қарады, сондай-ақ олардың білім беру ортасында болу жағдайларын жақсартудың мүмкін жолдарын талқылады.

Іс-шара жұмыс атмосферасында өтті, онда шетелдік студенттерді қолдау жүйесін жетілдіру бойынша сындарлы ұсыныстар айтылды. Талқылау қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді.