ҚАЕУ-де STEAM-білім беру мәселелері бойынша семинар өтті

Бүгін Қазақстан-Американдық еркін университетінде «STEAM-білім беру негіздері: мәні, үрдістері мен болашағы» тақырыбында семинар өтті. Семинар спикері ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№14 негізгі орта мектебі» КММ мұғалімі Дарья Васильевна Дедова болды.

Семинар «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған «Білім берудегі IT-технологиялар» курсын зерделеу аясында өткізілді.

Семинарға қатысушылар STEAM -оқытудың негізгі тәсілдерімен танысты, соның ішінде құбылыс-негізделген оқыту (PhBL) және жобаға негізделген оқыту (PBL). «Тілдегі  ырғақты үйрену», «Спорттағы физика заңдары» және «Сауаттылық тақырыбында мектеп блогын әзірлеу» сияқты  тәжірибелік тапсырмалардың   мысалдары ұсынылды.

Дарья Васильевна білім беру  үдерісіне STEAM-әдістерді енгізу тәжірибесімен бөлісіп, олардың сыни ойлауды, креативтілікті және оқушылардың ХХІ ғасырдың сын-қатерлеріне дайындығын дамыту үшін маңыздылығына назар аударды.

Семинар соңында қатысушылар, өздерінің кәсіби тәжірибелерінде STEAM-тәсілдерді қолдану перспективаларын талқылап, заманауи педагогтар мен мамандарды даярлау үшін оның маңыздылығын атап өтті. 

Педагогика және психология кафедрасы