ҚАЕУ Карлсруэдегі HAW International конференциясында!
2024 жылғы 21-22 қарашада Қазақстан-Американдық еркін университеті Карлсруэ Қолданбалы ғылымдар жоғары мектебінде өткен HAW International халықаралық конференциясында өз тәжірибесін ұсынды. Іс-шараның тақырыбы Жоғары білім беруді интернационалдандырудың жетістіктері мен перспективалары болды.
Негізгі сессиялардың бірінде ҚАЕУ-нің бірінші вице-президенті Жасұлан Байкенов Батыс Саксон қолданбалы ғылымдар университетімен (WHZ) серіктестікте «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» қос дипломды магистрлік бағдарламасын құру кезінде ҚАЕУ алдында тұрған сын-тегеуіріндер туралы, сондай-ақ осы қиындықтарды еңсеруге мүмкіндік берген шешімдер туралы айтты.
Бұл бағдарлама студенттерге екі магистр дипломын алуға, Қазақстанда да, Германияда да оқудан өтуге, сондай-ақ халықаралық деңгейде сұранысқа ие білім мен дағдыларды игеруге мүмкіндік беретіндігімен ерекшеленеді.
IDEA жобасының үйлестірушісі, профессор Кристиан Браувейлер мен Штефан Ноак та өз пікірлерімен бөлісті. Олар бағдарламаны құру кезеңдері және осындай бастамалар жаһандық білім беру кеңістігін дамытуға қалай ықпал ететіні туралы әңгімелеп берді.