ҚАЕУ магистранты МҚПУ конференциясында баяндама жасады
2024 жылдың 25 қарашасында Мәскеу қалалық педагогикалық университетінде (Ресей, Мәскеу қ.) жас ғалымдардың «Зерттеушілер лигасы» атты ашық онлайн-конференциясы өтті. Іс-шараға Ресейдің және таяу шетелдің әртүрлі өңірлерінен келген студенттер мен жас зерттеушілер қатысып, ғылым мен білім берудегі заманауи жетістіктерді талқылады.
Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының магистранты Демьянова Инесса Сергеевна «Үздіксіз білім берудің заманауи нәтижелері және оларды диагностикалау және бағалау әдістері» секциясында «Оқушылар әлемінің тілдік бейнесі: кірме сөздер жаңа ұрпақтың лексикалық қорын қалай өзгертеді» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндама секция қатысушылары мен сарапшыларының қызығушылығын тудырды. Жастардың сөйлеуіндегі кірме сөздер мәселесі өзекті болып табылады, өйткені ол жаңа ұрпақтың тіл мәдениетін қалыптастыруға айтарлықтай әсер етеді.