ҚАЕУ оқытушылары инклюзивті білім беру бойынша курстан өтті

2025 жылдың 10-21 ақпан аралығында ҚАЕУ қолдауымен «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушылары Саданова Жанар Кабыкенкызы мен Катанова Елизавета Темирбековна «Жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау бойынша педагог-ассистенттің кәсіби құзыреттілігін дамыту» (72 сағат) курсын сәтті аяқтады. Осы курс барысында инклюзивті білім беру саласында педагог-ассистенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған маңызды аспектілер қарастырылды.

Курс бағдарламасын меңгеру барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс істеудің негіздері, психологиялық-педагогикалық тәсілдер мен әдістемелер, сондай-ақ мұғалім мен ассистенттің рөлдері мен міндеттері талқыланды, ерекше білім беру қажеттіліктерін диагностикалау, бағалау және оларды қолдау алгоритмдері қарастырылып, мінез-құлқы бұзылған балаларды түзету әдістері мен АВА терапиясының қолданылу ерекшеліктері айтылды. Сонымен қатар, сенсорлық интеграция мен арнайы оқыту жағдайларын ұйымдастыру жөнінде ақпарат алынды.

Курс инклюзивті білім беру жүйесіндегі оқушылардың әртүрлі қажеттіліктерін түсінуге және оларды тиімді қолдау жолдарын меңгеруге мүмкіндік берді.

Педагогика және психология кафедрасы