ҚАЕУ оқытушылары – «Педагогикалық идеялар панорамасы-2024» республикалық байқауының жеңімпаздары

2024 жылғы 14 қарашада мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарына арналған «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2024» республикалық бейнесабақтар мен бейне дәрістер конкурсының өңірлік кезеңінің қорытындысы шығарылды. 

Абылгазинова Әйгерім Бауыржанқызы, Гулова Ирина Николаевна және Мошенская Наталья Алексеевна «Оқырман сауаттылығы» тақырыптық бағыты бойынша бірінші жүлделі орынға ие болып, 1 дәрежелі дипломдар алды.

Әйгерім Бауыржанқызы – ҚАЕУ педагогика және психология кафедрасының аға оқытушы-практигі, ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№18 орта мектебі» КММ директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, педагог-модератор, «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша білім магистрі. Бакалавриат және магистратура бағдарламаларының ҚАЕУ түлегі. 

Ирина Николаевна – ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№18 орта мектебі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-модератор, «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша білім магистрі. Бакалавриат бағдарламасының ҚАЕУ түлегі.

Наталья Алексеевна – ҚАЕУ педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша білім магистрі. Бакалавриат және магистратура бағдарламаларының ҚАЕУ түлегі. 

Айта кету керек, ҚАЕУ Өскемен қаласының «№18 орта мектебі» КММ-мен бұрыннан белсенді және жемісті  ынтымақтасып келеді. Бұл ынтымақтастықтың негізінде студенттер мен оқытушыларға үздік педагогикалық тәжірибелерді енгізу арқылы мектептегі әріптестерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін  қос тарапты оқыту туралы шарт жатыр. Бұл серіктестік болашақ педагогтарды даярлауға маңызды үлес қосады және барлық қатысушылардың оқу тәжірибесін байыта отырып, қазіргі заманғы білім беру  үдерісінің дамуына ықпал етеді.

Республикалық конкурстың мақсаты – пәнаралық негізде білім алушылардың ерте/функционалдық сауаттылығын дамыту саласында педагогтердің өзара іс-қимылының заманауи педагогикалық тәжірибесі мен үздік тәжірибелерін жалпылау және танымал ету.

«Педагогикалық идеялар панорамасы» әрбір қазақстандық педагогқа (жеке немесе 3 адамға дейінгі топта) өзінің авторлық әзірлемесін 12 бағыттың бірі бойынша бейнеролик түрінде ұсынуға мүмкіндік береді: олар – ерте сауаттылық (мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу), оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану сауаттылығы, цифрлық сауаттылық, медиа-ақпараттық сауаттылық, қаржылық сауаттылық, экологиялық сауаттылық, денсаулық мәселелеріндегі сауаттылық (медициналық сауаттылық), әлеуметтік-эмоционалдық сауаттылық, мәдениетаралық сауаттылық және азаматтық-құқықтық сауаттылық.

Республика бойынша өңірлік кезеңге қатысуға барлығы 5000-ға жуық өтінім берілді. «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауы 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту  министрлігінің қолдауымен өткізіліп келеді.

Байқау екі кезеңнен тұрады:  өңірлік және республикалық. Бірінші кезеңге қатысу үшін мұғалімдер өз идеяларын бейнероликтер түрінде рәсімдеді: сабақ,  тәжірибелік немесе зертханалық жұмыс, семинар,  шеберлік сабағы, цифрлық білім беру ресурсы немесе бейне подкаст. 

Республикалық кезең 2024 жылғы 11 қарашада басталды, нәтижелері ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында белгілі болады. Республикалық кезеңге үздік нәтижелер көрсеткен өңірлік кезеңнің жеңімпаздары қатысады. Сәттілік тілейміз!

Педагогика және психология кафедрасы