ҚАЕУ оқытушысы ШҚО әкімінің алғыс хатымен марапатталды
2024 жылғы 10 желтоқсанда Өскеменде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Беделбайұлы Көшербаев өңір жастарымен кездесті. Іс-шара аясында жастар саясатын, креативті индустрияны дамытуға, сондай-ақ жастардың бос уақытына арналған комьюнити-орталық құруға бағытталған бастамалар талқыланды.
Өңір басшысы Шығыс Қазақстан облысы жастарының ең белсенді өкілдерін марапаттады. Марапатталғандардың арасында ҚАЕУ құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Мужчиль Савелий Александрович те болды. Ол мемлекеттік жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.
Савелий Александрович білім беру жүйесінде 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. Педагогикалық қызметінің 13 жылында ол түрлі университеттер мен колледждерде еңбек етті. Қазіргі уақытта ол ҚАЕУ-нің қала мектептерімен ынтымақтастығы аясында Өскемен қаласының № 25 мектеп-лицейінде философия негіздерін оқытады.
Біздің әріптесіміз жұмыс істеген оқу орындарының ішінде ҚАЕУ, С.Аманжолов атындағы ШҚУ, Alikhan Bokeikhan University және «Тұран-Астана» Университетін атап өтуге болады. Савелий Александрович педагогтар үшін көптеген кәсіби конкурстардың жеңімпазы болып табылады және үнемі өз біліктілігін арттыру жолында жұмыс істейді. Сонымен қатар, ол ҚАЕУ-нің Ташкент мемлекеттік заң университетімен және «Тұран-Астана» Университетімен серіктестік қатынастарын дамытуға белсенді ықпал етеді.
Савелий Александровичті еңбегінің лайықты бағалануы және ШҚО әкімінің алғыс хатымен құттықтаймыз! Оған одан әрі кәсіби табыс тілейміз!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы