ҚАЕУ студенттері – 2025 жылғы Азия ойындарының хоккейден күміс жүлдегерлері

Қазақстанның әйелдер хоккей құрамасы IX қысқы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алып, жоғары шеберлік пен командалық рухын көрсетті. Шешуші матчта қазақстандық спортшылар Оңтүстік Корея құрамасын 3:0 есебімен жеңді.

Біз ұлттық құраманың сапында өнер көрсеткен университетіміздің үш студентімен мақтанамыз:

1. Саяхатқызы Дильназ (4-курс, 6В01401 «Дене шынықтыру және спорт»)

2. Саяхатқызы Мунира (4-курс, 6В01401 «Дене шынықтыру және спорт»)

3. Феоктистова Златоцвета Ивановна (1-курс, 6B11101 «Туризм»)

Олардың Қазақстан құрамасының жеңісіне қосқан үлесі – көп жылдық еңбектің, жанқиярлықтың және жеңіске деген ұмтылыстың жемісі. Студенттерімізді осы тамаша жетістігімен құттықтаймыз және спортта биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!

“Педагогика және психология” кафедрасы