ҚАЕУ студенттерінің «Инклюзивті білім беру» курсы шеңберінде «Ақ ниет» «Мектеп-интернаты» КММ сапары
2024 жылғы 8 және 15 қазанда Қазақстан-Американдық еркін университетінің педагогикалық білім беру бағдарламаларының 3 курс студенттері «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы Саданова Жанар Қабыкенқызы жетекшілігімен «Инклюзивті білім беру» курсын оқу шеңберінде ШҚО білім басқармасының «Ақ ниет» «Мектеп-интернаты» КММ-не барды.
Студенттерді мектеп директоры Светлана Каримуллаевна Кривицкая, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Қарлығаш Мұқтарханқызы Раханова және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Сабина Романовна Тургумбаева қарсы алды. Олар мектеп-интернатта тірек-қимыл аппараты, көру, есту, сөйлеу қабілеті бұзылған балалар оқитыны және тәрбиеленетіні, сондай-ақ жалпы әлеуметтік өмірге бейімделе отырып, психологиялық-медициналық-педагогикалық және түзету қолдауын алатындығы туралы айтты.
Студенттер логопед, психолог, сурдопедагог, тифлопедагог кабинеттерімен, сондай-ақ робототехника, физиотерапия сыныптарымен, емдік дене шынықтыру залымен және сенсорлық бөлмемен танысты. Сонымен қатар, олар арнайы педагогтардың жұмысын қадағалады.
Педагогика және психология кафедрасы