ҚАЕУ Жоғары колледжінің педагогикалық мамандықтар түлектеріне арналған кәсіптік бағдар беру кездесуі

2025 жылғы 21 ақпанда Қазақстан – Американдық еркін университетінде ҚАЕУ Жоғары колледжінің педагогикалық мамандықтар түлектерінің әлеуетті талапкерлер үшін кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті:

• «Дене шынықтыру және спорт» (дене шынықтыру және спорт мұғалімі);

• «Негізгі орта білім беру тілі мен әдебиетін оқытудың педагогикасы мен әдістемес» (орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі).

Талапкерлерге ҚАЕУ маркетинг және қабылдау бөлімінің бастығы Азамат Бердібекұлы Бердібеков, педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Әсем Нұрланқызы Нұрланова құттықтау сөз сөйлеп, ҚАЕУ-де оқу мүмкіндіктері және болашақ студенттер үшін  оқуға түсу келешегі туралы айтып берді. Сондай-ақ мемлекеттік грант алу және қысқартылған оқу бағдарламаларына (ТжКБ базасында 2 жыл) түсу мүмкіндігін қоса алғанда, колледжден кейінгі оқуға түсу нұсқалары егжей-тегжейлі баяндалды.

Әсем Нұрланқызы өз сөзінде бүгінгі таңда педагог болу беделді, сұранысқа ие және  келешегі бар екенін атап өтті. Қазіргі заманғы білім қоғамның дамуына және болашақ ұрпақтың қалыптасуына үлес қоса алатын  дарынды және ынталы мамандарды қажет етеді.

Іс-шара аясында түлектердің кәсіби дағдылары мен жеке өсуін дамытуға бағытталған педагогика және психология кафедрасынан тақырыптық дәрістер мен тренингтер ұйымдастырылды.

* «Спорт ханшайымы» дәрісі – оқытушы А. Д. Байтуканов спорт саласындағы негізгі аспектілер мен жетістіктерді ашты.

* «Мектепте жұмыс істеген алғашқы жылдары жас педагогтарда мазасыздықпен жұмыс істеу техникасы» тренингі –  тәжірибеші психолог және ҚАЕУ оқытушысы Ю. В. Гнатюк қатысушыларды стрессті басқару және кәсіби ортада бейімделу әдістерімен таныстырды.

* «Денені шынықтыру мұғалімнің ерекшелігі» семинары – оқытушы 

Ж. Е.Мұхамеджанов дене шынықтыру мұғалімі жұмысының ерекшеліктеріне назар аударды.

Бұл кездесу түлектерге білім беру және мансаптық  келешегімен тереңірек танысуға, сондай-ақ тәжірибелі мамандардан  тәжірибелік кеңестер алуға мүмкіндік беретін пайдалы платформа болды.

Педагогика және психология кафедрасы