Қазақстан-Американдық еркін университеті есірткіге қарсы!

Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттері мен оқытушылары нашақорлықпен күреске бағытталған бастамаларды белсенді қолдайды. Салауатты өмір салтын насихаттау аясында университет еріктілері жастарды есірткі қолданудан бас тартуға және өз таңдауына саналы түрде қарауға шақыратын акциялар өткізеді.

# ӨМІРГЕ _ИӘ_ ДЕП _АЙТ акциясы аясында студенттер әлеуметтік ролик түсірді. 

ҚАЕУ – бұл тек білім беру ғана емес, сонымен бірге жастар арасында қоғамдағы оң өзгерістерге деген зейін, жауапкершілік және ұмтылыс құндылықтарын қалыптастыратын әлеуметтік-жауапты орталық.  

Есірткіге бірге ЖОҚ деп айтайық және денсаулық пен болашақ үшін таңдау жасайық!