Қазақстан-Американдық еркін университетінде диссертациялық кеңестің ашылуы

Қазақстан-Американдық еркін университеті 8D042 – Құқық, «8D04201 – Заңтану» білім беру бағдарламасын дайындау бағыты бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңестің ресми ашылғаны туралы хабарлайды.

ҚАЕУ-де диссертациялық кеңес құру ғалымдар мен зерттеушілерге заң саласындағы диссертацияларды қорғаудың жаңа мүмкіндіктерін ұсынады, заң ғылымының дамуына және мамандардың біліктілігін арттыруға ықпал етеді.

Жас ғалымдарды, докторантура түлектерін және мамандарды қорғауға құжаттарды тапсыруға шақырамыз!