Өскемен қаласының №34 мектеп-лицейінің білім алушыларымен уәждемелік кездесу
2024 жылдың 1 қазанында ҚАЕУ құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы С.А.Мужчиль Өскемен қаласының №34 мектеп-лицейінің 5 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Савелий Александрович осы лицейдің түлегі ретінде өзінің мектеп және студенттік жылдары туралы естеліктерімен бөлісті, өзінің ғылыми-педагогикалық қызметі мен хоббиі туралы айтты.
С.А.Мужчиль оқушыларды әртүрлі бағыттарда белсенді оқуға және дамуға шақырды. Кездесу оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды және біздің әріптесіміз олардың көптеген сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, Савелий Александрович көп жылдық ынтымақтастығы үшін №34 мектеп-лицейінің әкімшілігі мен ұжымынан алғыс хатпен марапатталды.
Біз Өскемен қаласының №34 мектеп-лицейімен өзара іс-қимылымыздың белсенді дамуын жалғастырып жатқанына қуаныштымыз!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы