Өскемен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығына бару

2024 жылғы 4 қазанда ҚАЕУ-нің «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының бір топ студенттері «Ashley House» ұйымынан Майк Пагсли және Джулианна Элисонмен бірге Өскемен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығына барды. Орталық қызметкерлері көптеген жоғары технологиялық жабдықтарды көрсетті, бұл біздің қонақтарды таң қалдырды. Майкл мен Джулианна қызметкерлердің кәсібилігі мен құзыреттілігін ғана емес, олардың қонақжайлылығын да атап өтті.

Экскурсиядан кейін біздің қонақтар мен балалар орталығының директоры тәжірибе алмасып, көптеген идеялармен бөлісті. Майк пен Джулианна өздерінің «Ashley House» ұйымына апара алатын көптеген жаңа және қызықтыларды тапты.

Посещение Усть Каменогорского детского центра оказания специальных социальных услуг