1-курс студенттеріне арналған «Стресске төзімділік» тақырыбында семинар-тренинг.
2024 жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Психология және педагогика» кафедрасының аға оқытушысы Катанова Лиза Темірбекқызы және 3-курс студенттері жаңа қадамға бейімделуге сай «Стресске төзімділік» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Бірінші курс студенттерінің студенттік өмірге жағымды бейімделу үрдісі олардың өмір сүру салтында жаңа кезең болып саналады. Қазіргі таңда стресстік жағдайларға ұшырау жиілеп кеткендіктен, білім алушылардың бейімделу кезеңі аясында стресс ұғымы және студенттік өмірге жылдам дағдылану – тақырыпқа тиек болды.
Белсенді атсалысқандарға көп рахмет!